SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешенінде болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың әртүрлі сұрыптарымен танысты. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Этноауыл кешенінде мәртебелі қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, халық шеберлері ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін театрландырылған қойылымдар да орын алды.

Меймандар тазы иттері мен қыран құстарды тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қонаевтағы мектеп неге жылыту маусымына дайын емес?

Redaktor SunqarNews

«Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар жеңімпаз атанды

Redaktor SunqarNews

Петропавлда соғыс ардагерінің жарақаттануы тергелуде

admin_sunqar