SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Алматыда мопедтерге бақылау күшейтілді

Соңғы уақытта екі дөңгелекті көлік құралдарын, атап айтқанда мопед пен скутер жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтар жиілеп кетті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Екі күн ішінде 360-тан астам құқық бұзушылық анықталды. Жүргізушілер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеген. Осы заң бұзушылықтар үшін 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол бермеуге шақырды. «Жол қозғалысы ережелері баршаға ортақ міндет,» — деді ол. Аудандық полиция қызметкерлері қазір күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Олар күнделікті көшелерді аралап, мектептер маңында және аулаларда рейдтер жүргізіп жатыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Батыс Қазақстан: Зейнетке шыққан 5 мұғалім өтемақы ала алмай отыр

admin_sunqar

Аққан жұлдыздарды қашан және қалай жақсы көруге болады

admin_sunqar

«Адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі өзекті мәселелер». Жоба аясында дөңгелек үстел өтті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу