SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

СҚО-да зейнетке шыққан мұғалімдерге 38 млн теңге өтемақы төленбеген

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура органдары еңбек заңнамасының елеулі бұзылу фактілерін анықтады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласында 295 зейнеткерлік жасқа жетіп, жұмыстан шыққан қызметкерлерге жалпы көлемі 37,6 миллион теңге өтемақы төленбегені белгілі болды.

Сонымен қатар, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Тайынша аудандарында 37 мұғалімге біліктілік арттыру курстары үшін 4,3 миллион теңгелік іссапар шығындары өтелмеген. Прокуратураның араласуымен кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 25 қызметкерге 4,9 миллион теңге көлемінде төлем жасалды. Қалған қызметкерлердің мәселесі бойынша жұмыс жалғасуда.

Жыл басынан бері прокуратура органдары 329 қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғап шықты. Бұған дейін Петропавлда соғыс ардагерінің жарақаттануына байланысты тергеу жұмыстары жүргенін жазған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Боб Менендездің әйелі пара алу ісі бойынша сотталған.

admin_sunqar

Абай облысында қылмыстық топ ормандағы ағашты 500 млн теңгеге ұрлаған

admin_sunqar

Израильде акула шабуылынан жоғалған ер адам әлі табылмады

admin_sunqar