SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Коммуникация негіздері және шиеленісті басқару» тақырыбында шеберлік сабағы өтті

2024 жылдың 17 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Психологиялық қолдау қызметі «Медиация және медиативтілік құзыреттілік, жанжалдағы мінез-құлық» жобасы аясында «Коммуникация негіздері және шиеленісті басқару» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Филология факультетінің 40-тан астам студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге тиімді коммуникацияның негізгі принциптерін түсінуге, конфликттерді басқару әдістері мен техникасын меңгеруге, сондай-ақ белсенді тыңдау және диалог жүргізу дағдыларын нығайтуға және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға ықпал ету. Дәрісті «Парасат» медиация және құқық орталығының тренер-эксперті, медиатор Мұхтар Адаев жүргізді.

«Коммуникация негіздері және шиеленісті басқару» тақырыбындағы шеберлік сабақ студенттерде келіссөздер жүргізу, ортақ шешімге келу және топта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау сияқты маңызды кәсіби және жеке дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шараға қатысқан студенттер алған білімдері мен әдіс-тәсілдердің болашақта олардың оқу және жұмыс барысында, сондай-ақ жеке өмірінде де көмектесетінін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар алды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларындағы есірткі жеткізушілер сотталды

admin_sunqar

Роберт Кеннеди кіші мұнайдан жасалған синтетикалық азық-түлік бояуын, оның ішінде қызыл түсті №40 бояуды қолдануға тыйым салатынын хабарлады. Денсаулық сақтау мамандары бұл туралы не айтқанын біліңіз.

admin_sunqar

Волейбол турнирі өтті

Redaktor SunqarNews