Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында өткізілген экскурсиялар өз мәресіне жетті. Экскурсиялар “Мәңгілік даңқ” мұражайында өтті. Тарихи мұражайдың мәдени құндылықтарымен және де маңызды мұраларына көзайым болуға Алматы қаласының колледж студенттері қатысты. Олар: Д.А.Қонаев атындағы колледжі, Жоғары медициналық колледжі, ALT педагогикалық колледжі, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі, «Әділет» колледжі, Еуразия технологиялық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері қатысқан болатын.
Ұлы Отан соғысы туралы көне жәдігерлерді сақтаудағы мұражайлардың рөлі ерекше. Себебі, мұражай – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы орайда, «Азаматтық борыш» жобасы аясында өткізілген экскурсиялар қатысқан студенттерге де үлкен септігін тигізді. Аталмыш шараға 10 топ колледж студенттері қатысты. Әр топқа 1 сағат уақыт көлемінде экскурсия жүргізілді. Мұражай 2 қабаттан тұрады, көрме кешені 2 200 шаршы метр алаңда орналасқан. Мұражай экспонаттары 20-шы ғасырдың басынан бері қолданылған кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың үлкен коллекциясын ұсынады. Мұражайда 4 коллекция бар: бронды қару-жарақ пен техника, жер үсті артиллериясы мен минометтар, әуе қорғанысы күштері, арнайы техника. Мұражай Ауғанстандағы соғыс кезеңін де қамтиды, екінші қабатта ауған соғысындағы қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі қойылған. Осындай сипаттамаларға сәйкес мұражайда өткізілген экскурсияны студенттер қызығушылықпен тыңдап, көрме залдарындағы көне жәдігерлерді тамашалап, еліміздің тарихын, әскери дәстүрін жаңа қырынан таныды. Студенттер-«өте қызықты жәдігерлер. Бұл ата-бабаларымыздың көрнекі естелігі. Сол сұрапыл уақыттан аман өткендердің барлығына мақтаныш пен алғыс қана қалды. Патриоттық сезім көтерілді», — деп өз әсерлерімен қатысушы жастар бөлісті. Осындай экскурсиялар жастардың ұлттық санасын, тарихты ұмытпауға, жастардың білімге деген ынтасын ашуға көмектеседі деген ойдамыз. Себебі, жастар еліміздің болашағы, осындай тарихи құндылықтарды бойына сіңіріп өскен өскен жас ұрпақ келешекте елге қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған.