SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

2025 жылғы 10–14 қараша күндері Ақтау қаласында «Бейнероликтерді түсіру, монтаждау және таратудың заманауи әдістері» атты курсы өтеді

Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Бейнероликтерді түсіру, монтаждау және таратудың заманауи әдістері» атты бес күндік оқыту курстарына облыстық және қалалық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз хатшылары, PR және медиа мамандары қатысады. Оқыту бағдарламасы мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыруға және қоғаммен тиімді коммуникация орнатуға бағытталған.
Сабақ барысында тренерлер бейнежазбаның сапасын арттырумен, SMM негіздерімен, контент өндіру шеберлігімен таныстырады.

Өтетін уақыты: 10–14 қараша 2025 жыл, сағат 10:00–13:00
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 13 ш.а., «Grand Victory» қонақ үйінің мәжіліс залы
Ұйымдастырушы: Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның Үш Шаһары мен 15 Өңіріне Дауылды Ескерту: 21 Сәуір 2025

admin_sunqar

Үкімет көгілдір отын және мәдени мұраларды ұлықтау мәселелерін қарастыруда

admin_sunqar

“Кемсіту емес”. Белгілі кәсіпкер африкалық жігітке ерекше сый жасады

Redaktor SunqarNews