SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Абай облысында 50-ден астам медициналық мекеме тек қағаз жүзінде ашылған

Абай облысында бірқатар медициналық ғимараттардың құрылысы жоспарға сәйкес аяқталмай, халықтың наразылығын туғызды. Атап айтқанда, ғимараттардың шатырынан су ағып, қабырғалары жарылып, құрылымдардың толық жабдықталмағаны байқалады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Облыс әкімі Берік Уәли осы проблемаларға байланысты саланың жауапты орынбасары мен Құрылыс басқармасын сынға алды. «Бұл жауаптылардың салғырт жұмысының нәтижесі деп есептеймін. Жаңа ғимараттар неге іске қосылмай отыр? Жауапты құрылыс басқармасы неге назар аударған жоқ? Ауыл әкімдері де қадағалауға тиіс», – деді әкім.

Облыс басшысы жағдайды қалыпқа келтіру үшін Құрылыс басқармасының мамандарына әрбір нысанды бақылауға алып, күнделікті тексеруді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында 753,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені хабарланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда жеті жасар баланы ұрып-соққан топ туралы жаңалық

admin_sunqar

Екібастұзда жаппай улануға қатысты сот үкімі шықты

admin_sunqar

Ақын Ақұштап Бақтыгереева: Ілім-білім мен парасаттың кілті – кітапта

admin_sunqar