SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Елена Рыбакина ТОП-10 әлемдік рейтингінен шығып қалды

Қазақстандық теннисші, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина 3 308 ұпаймен әлемдік рейтингте 10-нан 11-орынға сырғыды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Елена Рыбакинаның орнын америкалық Эмма Наварро (3 797 ұпай) үздік ондыққа енді. Осылайша, 2023 жылдың 30 қаңтарынан бері алғашқы рет қазақстандық спортшы ТОП-10 тізімінен шықты. Елена Рыбакина үздік ондықта 116 апта қатарынан тұрды.

Биыл Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирінде Қазақстан атынан өнер көрсетуіне байланысты Елена Рыбакина Штутгарт WTA 500 жарысында өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауға қатыса алмай, 500 рейтингілік ұпайын жоғалтты. Осы турнирде латвиялық Елена Остапенко үздік атанып, әлемнің 2-ракеткасы, Ига Швентек және 1-ракеткасы, Арина Соболенконы жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина қатысатын Мадрид турнирінің жеребесі тартылғаны туралы хабарланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Павлодар облысы 2028 жылға қарай өзін-өзі қамтамасыз ететін аймаққа айналады

Redaktor SunqarNews

Валентина Жұмағұлованың мерейтойына арналған кездесу

Redaktor SunqarNews

Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің үлесі 67 пайызды құрайды

Redaktor SunqarNews