SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтөбеде үлескерлерге 421 млн теңге шығын келтірген компания басшысы кінәсін мойындады

Ақтөбе қаласында № 2 қалалық сот «Алаяқтық» бабымен қаралған іс бойынша жаппай құрылыс алаяқтығы ашылды. Нұрлан Каусов, «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы, 421,9 млн теңгені заңсыз иемденіп, жұмсады деген айыппен жауапқа тартылды. Ол екі бесқабатты үйдің тек жертөлелерін қазып, іргетасын қалау жұмыстарын ғана жүргізген. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Прокурор Қуаныш Күзенбаевтың айтуынша, Каусов 2013 жылы құрылыс кооперативін құрғанымен, 2018-2020 жылдары алдап-арбау арқылы үлескерлерден ақша жинап, үйлердің құрылысын толық аяқтамақ болған. Ол 2019 жылы бесқабатты үйдің құрылысын бастап, 2020 жылы аяқтауды жоспарласа, екіншісіне 2021 жылы нүкте қоймақ болған.

Қаусов үлескерлерден 421,9 млн теңге жинап, оның 184 млн теңгесін заңсыз өз қалтасына басқаны фактісі анықталды. Тергеу барысында оның банк шотында бар болғаны 234 мың теңге ғана қалғаны белгілі болды. Прокурор соттан оны кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар үлескерлердің талаптары азаматтық іс ретінде қаралуы мүмкін екені де айтылды.

Өткен жылы Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары тоқтап қалған 31 жоба тіркелген, оның ішінде 8 мектеп бар.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Марафондағы екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды ма — ІІМ жауабы?

admin_sunqar

Мың бояулы мөлдір әлем

Redaktor SunqarNews

Жетісу ауданының ардагерлері ұлықталды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу