SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсеткен екі адам өмір бойына сотталды

Ақтөбе облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Қорқытып алу» баптары бойынша іс қарастырылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Айыптауға сәйкес, Қ және К есімді азаматтар бір-біріне туыс болып келеді. Олардың алғашында жеңгелеріне қатысты бопсалау әрекеттерін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыскерлер WhatsApp мессенджері арқылы нағашы ағаларына жеңгесінің жеке өмірі туралы ақпаратты тарататынын айтып, бұл құпияны сақтау үшін 5 млн теңге талап еткен. Сотта Қ. өзінің нағашы ағасының кәмелет жасына толмаған қызына 2017 жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткенін мойындады. Сонымен қатар, сотталушы К. 2020 жылдан бері осы жасөспірім қызға зорлық көрсеткен. Екі айыпталушы да «Қорқытып алу» бабы бойынша айыптарын мойындаса да, «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тағылған айыптарды теріске шығарды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, сотталушылар Қ. және К. аталған баптар бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-кооперативінің басшысы Нұрлан Каусов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 75 үлескердің азаматтық ісі бөлек қаралатын болады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Tesla-ның қолданылған көліктерінің бағасы құлдырауда, бұл электр көліктерін өндіруші үшін тағы бір алаңдатарлық белгі

admin_sunqar

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

Айтиге жол – шахтер мен сатушыдан бастап, Google-ге дейін

Redaktor SunqarNews