SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақын Ақұштап Бақтыгереева: Ілім-білім мен парасаттың кілті – кітапта

Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада келушілер жаңа әдебиеттер көрмесіне, кітап баспалары мен дүкендерінің жәрмеңкесіне қатысты. Сонымен қатар, Абай, Жұбан, Қадыр сынды ұлы тұлғалардың бейнелері сомдалған көріністер көрсетілді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматыдан арнайы келген ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Ұлттық кітап күніне қатысты пікір білдіріп, кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды. «Қазақтың болашағы – жастар кітап оқуды әдетке айналдырса ғана жарқын бола алады», – деді ол.

БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев өңірде 356 кітапхана заман талабына сай жұмыс істеп тұрғанын, олардың 25-і қайта жаңғыртылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, кітап оқуға құмартқан кез келген адамға облыста барлық жағдай жасалған.

Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Бауыржан Ғұбайдуллин көркем әдебиеттің адамзат пен қоғам үшін маңызды екенін атап өтті. «Кітап оқуға отбасымызбен қайта оралып, балаларымызға өнеге болайық», – деген ол зиялы қауымның рөліне ерекше тоқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Ұлттық кітап күні мерекесінің тойланатыны туралы хабарланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

ЕО елдерінде жұмыртқа бағасы қымбаттады

admin_sunqar

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына 739 млн теңге айыппұл салынды: себебі және салдары

admin_sunqar

Ауа райы суық. Барлығы су болып жатыр. Бірақ бұл игі іс үшін жасалады. Неге Мұзды шелек сын-төгісі он жылдан астам уақыттан кейін қайта оралуда?

admin_sunqar

Пікір жазу