SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Алматыда мопедтерге бақылау күшейтілді

Соңғы уақытта екі дөңгелекті көлік құралдарын, атап айтқанда мопед пен скутер жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтар жиілеп кетті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Екі күн ішінде 360-тан астам құқық бұзушылық анықталды. Жүргізушілер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеген. Осы заң бұзушылықтар үшін 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол бермеуге шақырды. «Жол қозғалысы ережелері баршаға ортақ міндет,» — деді ол. Аудандық полиция қызметкерлері қазір күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Олар күнделікті көшелерді аралап, мектептер маңында және аулаларда рейдтер жүргізіп жатыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Мексика телеарналардан АҚШ-тың анти-иммиграциялық ‘алалаушылық’ жарнамасын көрсетпеуді сұрады.

admin_sunqar

Астанада жылыту маусымы аяқталды: жаңалықтар мен талдау

admin_sunqar

Кардиналдар Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсімін сенбі күні таңертең белгіледі, ал қоштасу рәсімі сәрсенбі күні басталады.

admin_sunqar