SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы». Халықаралық ғылыми семинар өтті

18 қыркүйек Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп, «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізді.

Screenshot

Screenshot

Семинар тақырыбы 13-14 ғасырдағы Алтын Орда дәуірі тұсында қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістерді, яғни Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеуге мүмкіндік берді.

Халықаралық ғылыми семинарға Ресей Ғылым академиясы Ресей тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Илья Зайцев, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ұлттық археология орталығының бас ғылыми қызметкері Бахтияр Бабаджанов, Түркияның Ахи Эвран Кыршехир университеті Түрік тілі факультетінің доценті Осман Кабадайы, Дағыстандық ғалым , тарих ғылымдарының докторы Замир Закараияев және өзге де Өзбекстан, Түркия, Ресей, Дағыстан, Татарстан елдерінен арнайы келген баяндамашылар, эпиграфиялық ескерткіштерді зерттеуші мамандар мен шығыс эпиграфиясын зерттеуші отандық ғалымдар және БАҚ тілшілері қатысты.
Тың тақырыптарды қамти білген халықаралық ғылыми семинар 4 бөлімнен тұрды: семинардың ашылуы, пленарлық мәжіліс, І және ІІ секция, стендттік баяндамалар.

Screenshot

Жиынның шымылдығын Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының доктары, профессор Дүкен Мәсімханұлы ашып берді.

«Бүгінгі атқарылып жатқан жоба ауқымды шаралардың бірі. Эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу ел тарихын, ұлт пен ұлыс тарихын дәріптеу, ұлт мәдениетін зерттеуде айрықша мәнге ие. Себебі, есте жоқ ескі дәуірлерде әр түрлі тарихи себептерге байланысты жер бетіндегі көптеген халықтардың кей тарихы жойылып та кетіп отырды. Сондай халықтардың бірі — түркі халықтары. Бірақ біздің ежелгі түркі халықтарының тарихы кезіндегі көптеген эпиграфикалық ескерткіштер бұл ақтандақтың орнын толтыруға көмекке келеді. Жартас суреттері, жартастағы эпиграфикалық жазбалар, одан бергі Күлте қаған, Білте қаған ескерткіштері, одан бергі бүгінгі жиынымызға өзек болатын Алтын Орда кезеңіне дейінгі және ХХ ғасырдың жиырманшы жылдарындағы тарихи эпиграфикалық ескерткіштер там-тұмдап болса да сақталып келді. Дегенмен, көптеген деректерді осы эпиграфикалық ескерткіштерден табуымызға болады. Сондықтан бүгінгі семинарда тың тақырыптар қозғалады деп есептеймін. Бүгінгі жобаға сәттілік тілеймін келген қонақтарға алғыс білдіремін”, деді Дүкен Мәсімханұлы.

Screenshot

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, профессор Алтынбек Нухұлы да семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, зерттеушілерге алғысын білдірді.

Screenshot
Screenshot

“Қазіргі Қазақстан Алтын Орда өркениетінің ажырамас бір бөілігі әрі орталығы болғандығы шүбәсіз. Қазақ халқы құлпытас, кейбір түркі елдері қабірташ, мәңгіташ, белгітас деп атайтын өмірден өткен адамдардың басына қойылатын эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу ертеден бері қалыптақан ғылым саласы. Кеңестік кезеңдері мұсылманшылыққа тоқтау салынып, арабжазулы мұраларды зерттеу қылмыспен тең болатын. Ол кездері оның орнына көне түркі дәуіріндегі руникалық ескерткіштер зерттеліп, тың жаңалықтар ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері дініміз оралып, діліміз тіріліп, өшкенімізді жаңғыртып, сөңгенімізді жаңартуға мүмкіндер туды. Арабжазуымен кестеленген қолжазбалар, құнды құжаттар, құлпытастар қазақ тіліне аударылып, халқымыз тың мәліметтер мен қайта табысып, бабалардан қалған мұралармен танысып отыр… Біздің тарихымыздың асыл мұраларын көздің қарашығындай сақтап, оларды зерттеп, ғылыми айналымға еңгізу Дүкен Мәсімханұлы басқарып отырған Шығыстану институтының, оның ішінде шығыс тілдерін меңгерген майталман мамандардың, дін мен ділді терең білетін ғалымдардың еңбегі мен міндеті деп білемін”, деді Алтынбек Нухұлы.
Қазақстан Парламентінің Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов мұндай халықаралық семинарлар түркі елдерінің бір кездегі тарихи жадын тірілтіп, елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынастын арттыруға, достығын нығайтуға зор ықпал ететінін айтты.

Screenshot

“Бұл семинарда ғылыми көпшіліктің қозғап отырған тақырыбы да аса ауқымды. Көптен бері қолға алынбай кешеуілдеп қалған ғылымның бір саласы – эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу ісі, оның ішінде Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы құлпытастарын зерттеу тарихымыздың танылмай жатқан табылмай деректерінің ең айқын ақпарат көздері екені анық. Қазақстан – Алтын Орда мемлекетінің алтын қазығы. Алтын Орданың аумағы Еділ Жайық, Қырым, Дағыстан, үстірт сыр бойы ұлан ғайыр даланы қамтиды. Алтын Орда экономикасы дамыған, сауда жолдары салынған, көшпенді өркениетпен қатар, қала тұрғызып, архитектуралық сәулет өнерінің сан түрін жетілдірген, әдебиеті мен мәдениеті әлемдік өркениетте ойып орын алған ұлы держава болды. Алтын Орда дәуіріндегі мемлекеттік құрылым мен ел басқару жүйесі әлеуметтік сала жетістіктері жалғасын тауып, көпжылдары осы мемлекет құрамында болған елдерде өзіндік ісін әлі де жойған жоқ. Алтын Орда мұрагерлерінің барлығына ортақ мәдениет пен өркениет біздің елдерімізді жақындастыруға зор ықпал етеді.

Screenshot
Screenshot

Алтын Орданың Аыраудағы тарихи орны Сарашық қаласында өткен құрылтайды Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев былай деген болатын: “Соңғы жылдары құрылысқа қажет деген желеумен кейбір жәдігерлеріміз бүлініп жатыр. Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұхият қорғауымыз керек. Құзырлы органдарға тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Қажет болса, заңнама өзгеріс еңгізу мәселесін қарастырған жөн”. Бұл мемлекет басшысының тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау болашаққа бүлдірмей жеткізуге бағытталған айтулы сөзі еді. Осы мәселе төңірегінде біз өз тарапымыздан да сан мәрте мәселе көтеріп, парламент мінберінде де үкіметке депутаттық сауал жолдағанымызды білесіздер…

Қазақ даласында және Алтын Орда құрамында болған өзге мемлекеттерде сақталған арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштерді қорғау, сақтау және зерттеу жалпы жұртқа жариялау жұмыстары әлі де мәз емес. Бүгінгі семинар осы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік болмақ. Алтын Орда мұрасының ортақ мәдениеті мен өркениетін эпиграфикалық ескерткіштер арқылы танып білу, бұл ғылымның жаңа бағыты. Ортақ мұралар бұл елдердің бір кездегі тарихи жадын тірілтіп, елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара қарымқатынастады арттыруға достығын нығайтуға зор ықпал етеді. Сондықтан халықаралық семинар жұмысы нәтижелі болуға шын жүректен қолдау білдіремін”, деді Жанарбек Әшімжанов.
Одан бөлек, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры, профессор Махмуд Ерол Кылыч пен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова да сөз сөйлеп, тарихқа үлес қосушы ғалымдардың еңбегіне алғыстарын білдіре өтті.
Қазақ тарихы таңғажайып екі кітаппен толысты

Халықаралық ғылыми семинарда институт қызметкерлері жарыққа шығарған «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері» және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» кітаптары таныстырылып, тұсаукесері өтті.

Кітаптың қызыл лентасын Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы, ғалым, өлкетанушы Бекарыстан Мырзабайұлы, тарих ғылымдарының доктары, профессор, ғалым Меруерт Қуатқызы, Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова кесті.
Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Әшірбек Құрбанұлына министрліктің қаулысымен, ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы бұйрығымен ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін арнайы төс белгісі табысталды.
Бес сағатқа созылған ғылыми семинарда төмендегі тың тақырыптар қозғалды.

Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихи аймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар және олардың интерпретациясы;
Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерін көршілес мемлекеттердегі арабжазулы жәдігерлермен салғастырмалы-салыстырмалы зерттеу;
Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарының дамуы және мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлерінің қалыптасуы.
Жиынды Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары Ғалымжан Дүйсен, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Әшірбек Құрбанұлы, тарих ғылымдарының доктары, профессор, ғалым Меруерт Қуатқызы және Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторант Бағдат Дүйсенов тізгіндеді.

Айта кетейік, семинар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.

Сонымен қатар, Отандық және шетелдік ғалымдар, ғылымға қызыққан тұлғалар семинарға онлайн форматта қатыса алды.

Халықаралық ғылыми семинар соңында қатысушы ғалымдар мен баяндамашыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Алакөл әуендері

Redaktor SunqarNews

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

admin_sunqar

Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде отыруға тыйым салынды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу