SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданының елді мекендері биыл 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту – ауданның басты міндеттерінің бірі.

Қазіргі таңда аудан халқының 99%-ы, яғни 63 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 100% — ға жеткізу.

Осы тұрғыда өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарындағы және Қушоқы кентіндегі су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы 5 елді мекенде, атап айтсақ Старая Тузда, Стан, Севан ауылдарында су тазарту модулінің 3 блогы орнатылып, Жаңаауыл мен Первое Мая ауылдарында су құбырлары жөнделеді. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 227 млн теңге бөлінді.

Жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңында барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Intel компаниясы қызметкерлерінің 20%-дан астамын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg News.

admin_sunqar

Желтоқсаншылармен кездесу: Тарихтың алтын беттері мен ерлік рухы

Redaktor SunqarNews

Қостанай облысында аудан әкімдіктері жер телімдері кезегін әдейі жасырған

admin_sunqar