SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды

Гонконг Білім университеті (EdUHK) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған Келісім аясында «EdUHK – Қазақстан білім академиясы» құрылды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Академияның құрылуымен құттықтап, EdUHK-ке Орталық Азия аймағындағы білім беру дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ынтымақтастық Қазақстандағы ұстаздар мен мұғалімдер үшін жоғары сапалы халықаралық даму платформасын ұсынады. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыруға, EdUHK пен Орталық Азия елдері арасындағы білім және тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған.

Келісімге қол қою рәсімі EdUHK университетінің Tai Po кампусында өтті. Оған QyzPU Басқарма төрағасы – Ректоры, доктор Гүлмира Қанай, EdUHK президенті, профессор Джон Ли Чи-Кин, Abai university Басқарма төрағасы – Ректоры, профессор Болат Тілеп қатысты.

Қол қою рәсімінде EdUHK президенті профессор Ли бірлесіп құрылған Білім Академиясының болашағына сенім білдіріп, EdUHK-тің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін айтты.

Бірлесіп құрылған Білім академиясы білім саласындағы жасанды интеллект, білім сапасын бағалау, саладағы көшбасшылық және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша академиялық алмасуды дамытуға ықпал етеді. Университеттер сондай-ақ мұғалімдерді даярлау, бірлескен зерттеу жобалары және көпмәдениетті алмасу саласында ынтымақтастық орнатады. Бұл серіктестік EdUHK мен Жібек жолы бойындағы Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанмен білім алмасу мен тәжірибе бөлісуді жетілдіруге үлес қосады.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дені саудың — жаны сау

Redaktor SunqarNews

Дүр-Дүкен

Redaktor SunqarNews

QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті – жоғары білім берудің дамуын талқылауға арналған жаһандық алаң

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу