SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Екібастұзда жаппай улануға қатысты сот үкімі шықты

Екібастұзда жаппай улану оқиғасына нүкте қойылып, бұл мәселе сот шешімімен аяқталды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Екібастұз, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының ауруханаларына 56 адам тамақтан улану белгілерімен жүгінді. Барлық зардап шеккендер Екібастұздағы бір мейрамханада өткен тойға қатысқаны анықталды.

Өңірлік прокуратураның мәлімдеуінше, тергеу ісі Екібастұз прокуратурасының қадағалауында болды. Процессуалдық прокурорлар тағайындалып, қажетті сараптамалар ұйымдастырылған. Екібастұз қалалық соты кінәлі тұлғаның қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқаруына тыйым салып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеді. Зардап шеккендер сот үкіміне қанағаттанса да, мейрамхана иесі шешімді қайта қарауды талап етіп шағымданды.

Айта кету керек, қараша айында 16 зардап шеккен адам «Grand Hall» мейрамханасының иесінен 6 млн теңге талап етіп, сотқа ұжымдық арызданған болатын. Сот шешімі бойынша мейрамхана иесі жаппай уланған адамдарға 5 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Сот орындаушыларды бақылау функциясын Сот әкімшілігіне қайтару ұсынылды

admin_sunqar

Дулат Тастекей Гарвардты бағындыруға аттанды

Redaktor SunqarNews

Ұрылар олардың iPhone-дарын ұрлап кетті. Apple олардың сандық өмірлерін қайтарып бермейді.

admin_sunqar

Пікір жазу