SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Елена Рыбакина Мадрид турнирінде: Жеребе нәтижелері

Қазақстандық теннисшілер турнирге екінші айналымнан қосылады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің 43-ракеткасы америкалық Маккартни Кесслер немесе 130-орында тұрған канадалық Бьянка Андреескудің бірімен кездесетін болады. Ал Юлия Путинцева аустралиялық Айла Томляновичпен немесе іріктеу кезеңінің жеңімпаздарының бірімен сынға түседі.

Өткен жылы Рыбакина ширек финалда Путинцевадан басым түссе де, жартылай финалда беларуссиялық Арина Соболенкоға жол берген болатын. Бұл финалда Польша өкілі Ига Швентек Соболенконы жеңіп, чемпион атанды.

Еске салсақ, бұған дейін Жібек Құламбаеваның Мадрид турнирінің чемпионы болғаны туралы хабарлаған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыссыз қазақстандықтар миллион теңге ала алады: не істеу керек?

admin_sunqar

2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Redaktor SunqarNews

Папа Франциск қайтыс болғанға дейін өзінің соңғы өсиеті мен өсиетнамасын қалдырды.

admin_sunqar