SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 90 ЖЫЛ

90 жылдан астам уақыт қазақ ғылымының көшбасшысына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалыптасу тарихы жетістіктер мен мақтаныштарға толы. Отандық ғылымның көшін алға сүйреген бұл ғылым ордасы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік білім кеңістігінде өзіндік орны қалыптасқан іргелі оқу ордасы. Өйткені осыдан 90 жыл бұрын бой көтерген ұлттық университет еліміздің экономикасын, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық өмірін дамытуға ықпал ететін мыңдаған білікті кадрлар шоғырын дайындады.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанда білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамудың ұлттық көшбасшысы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде барлық саласында табысты еңбек етуде.

Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1937 жылы құрылған ең ежелгі факультеттерінің бірі. Бүгінде асқақ Алатаудың гүл жайнаған бөктеріндегі ҚазҰУ қалашығында орналасқан факультетте студенттердің білім алуына толық жағдай жасалған. Сонымен қатар факультет іргелі шығармашылық одақтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарт негізінде тығыз байланыс жасауда. Білімгерлердің мамандану тәжірибелері осынау ғылыми-шығармашылық ортада өтеді.

Филология факультеті бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман дайындауда білім беру, ғылыми зерттеу, өндірістік тәжірибе бағдарындағы 3 бағытты негізге алып келеді. Студенттер жан-жақты дамулары үшін барлық жағдайлар жасалады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне докторантураға түсуге түрткі болған басты ерекшелік – мұндағы көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен қызмет атқаратын оқытушы-ғалымдардың маған нақты ізденіс жүргізуге нақты бағыт-бағдар, ғылыми жаңалықтар ашуға үлкен мүмкіндіктер беріп, ғылыми ізденістің үлкен ағысына бастай алатынына толық көз жеткіздім.
Қорыта келгенде, докторантурадағы алатын білім мен тәжірибе мені тың бастамаларға, жан-жақты дамуыма, кәсіби өсуіме жетелейтініне нық сенемін.

Арсланбаев Айбек Айтбаевич,
«Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс PhD докторанты,
Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент міндетін атқарушы,
Авакова Раушан Амирдинқызы,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«Заң кеңесі» жобасы аясындағы көшпелі мобильдік қызмет

Redaktor SunqarNews

Қарағандыда алғашқы жайлы мектеп ашылды

Redaktor SunqarNews

Алматыда құлашын кеңге жайған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары бар

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу