SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатына жол тартты

Белгілі балуандар Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Әбиба Әбужақынова осы турнирге қатыспайды, өйткені олар бапкерлер шешімімен алдағы жарыстарға дайындалуда. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Азия чемпионаты 25-28 сәуір аралығында өтеді, Қазақстанның атынан 17 дзюдошы қатысады. Турнирге 30 елден 300 спортшы қатысуы жоспарланған.

Дайындық барысында ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Ерлер құрамында Нұрәділ Әлжан, Шерзод Давлатов (екеуі де 60 келі), Ержан Еренқайыпов (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Мәди Амангелді, Азат Күмісбай (екеуі де 81 келі), Ермахан Әнуарбеков, Максим Мейірлан (екеуі де 90 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) өнер көрсетпек.

Әйелдер құрамында Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева (екеуі де 48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Назгүл Маратова, Ақерке Рамазанова (екеуі де 78 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Айта кету керек, мамыр айында Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Рим папасы қайтыс болғаннан кейінгі рәсімдер мен ғұрыптар, оның жаназасы және жерлеуі түсіндірмесімен бірге.

admin_sunqar

Алматы облысы діни бірлестіктерінің басшылары қоғамдағы рухани келісім мәселесін талқылады

Redaktor SunqarNews

Экс-сенатор Боб Менендестің жұбайы Надин Арсланян Менендес пара алу схемасы бойынша сотталды.

admin_sunqar

Пікір жазу