SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Киікті ату мәселесі жазға қарай шешіледі – Вице-министр

Астанада киік санын реттеу мәселелігіне арналған дөңгелек үстел өтті. Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев журналистерге нақты шешім қашан қабылданатын айтып берді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Нұркен Шәрбиевтің сөзінше, Алматыда өткен алғашқы дөңгелек үстел барысында ғалымдар өз ұсынымдарын берген. Қазір Зоология институты мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университеті биологиялық негіздеме әзірлеуде. Осы құжат қолданысқа енгеннен кейін киікті орнықты пайдалану туралы нақты шешім қабылданбақ. Сонымен қатар, мамыр айында жүргізілетін жануарлар санағы киіктің қазіргі санын анықтайды. Алдын ала мәлімет бойынша, киік саны 4 миллионнан асты деп күтілуде. Маусым айында Үкіметке ұсыныс беріліп, шешім қабылдануы мүмкін.

Вице-министр 2023 жылғы санақ нәтижесінде киік саны 4,1 миллионға жеткенін айтты. Орал, Бетпақдала және Үстірт популяцияларына бөле отырып, киік саны едәуір өскені байқалды. Батыс Қазақстан облысындағы жайылымдардың тапшылығы да осы мәселеге байланысты болды.

Министрлік ақбөкендерді сақтау және орнықты пайдалану бойынша 2025-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірледі. Онда жыл сайын киік санағы мен жағдайына ғылыми мониторинг жүргізу, инженерлік инфрақұрылымдар кедергілерін жою, құқықтық базаны кеңейту және заңсыз сауданы бақылауды күшейту шаралары ұсынылған.

Зоология институты киік санын анықтау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге көмек көрсету бойынша жедел штабтар құрды, оларға 401 қызметкер және 202 техника тарту жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктердің 122 орман шаруашылығының мамандары атсалыспақ.

Дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов киік аймақтарының жерлерін кеңес дәуіріндегі егістік карталарымен салыстырып, қайта қарау керектігін ұсынды. Сондай-ақ, ғалымдар «киік санын реттеу» терминінен бас тартып, оның орнына «киікті орнықты пайдалану» деген ұғым қолдануды ұсынды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі меценат кәсіпкерлерді I-Qanat жобасын қолдауға шақырды

Redaktor SunqarNews

Түрмеден шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу – өмір талабы

Redaktor SunqarNews

ҚазҰУ — ғылыми майдан алаңы

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу