SunqarNews ақпараттық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарМәдениет

Қызылордада ұлттық қолөнерді дәріптейтін ерекше көрме өтті

Қызылордада ұлттық қолөнерді дәріптейтін ерекше көрме өтті

Қызылордада креативті кәсіпкерлер сауда көрмесі болып өтті, деп хабарлайды.

Оның басты мақсаты – қолөнершілерді дәріптеу, тәжірибе алмасу және жоғалып бара жатқан ежелгі қолөнер тұрлерін сақтап қалу дейді ұйымдастырушылар.

Бүгін қаламызда кәсіпкерлер сауда көрмесі ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты да сол – қызықты, креативті, ежелгі қолөнер түрлерін сақтап, қайта жаңғырту. Көрмеге 14 шебер қатысып отыр. Олардың әрқайсысы өз саласында жетістікке жетіп, өнерімізді дәріптеп отқандар, — дейді Айдана Маратовна.

Көрмеге қатысып отырған Мира Исабаева осы кәсіп түрімен 3 жылдан бері айналысып келе жатқан кәсіпкер. Ол қазақы жол сөмкелерін. былғарыдан төсеніштер, аяқ-киімдер жасайды. Айтуынша мұндай сөмкелер қазіргі таңда сұранысқа ие отандық өнім.

Сауда көрмесіне келген қызылордалықтардың легі көп. Олар келіп, ұлттық өнерімізді тамашалап, ұнағанын сатып та алып кетуде. Бір қызығы, кәсіпкерлер көрме аясында тек өнімдерін сатып қана қоймайды, сондай-ақ түрлі тренингтерге қатысып, қаржылық сауаттарын арттырады, — деді ол.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Автокөлікті бұзу кезінде ұрламақшы болған адамға оқ атқаннан кейін адам өлтіруге оқталды деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

admin_sunqar

“Қазақстан барысы” турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевқа белгілі меценат Дулат Тастекей автокөлік мінгізді

Redaktor SunqarNews

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

Redaktor SunqarNews