SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Имамдар заманауи діни ағартудың жаңа тәсілдерін талқылады

2026 жылғы 5-6 тамыз аралығында Ұйғыр ауданының имамдарына арналған «Имамдардың біліктілігін арттыру: тәжірибе және тәсілдер» атты оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізудегі заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту және діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру.

Оқыту барысында тәжірибелі дәріскерлер мен дін саласының мамандары өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасап, қатысушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, діни саладағы өзекті мәселелер талқыланып, имамдардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар берілді.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Гүлмира Қанай : Ұстаз – тұлға қалыптастырудағы басты модель

Redaktor SunqarNews

Елордада 2023 жылы қанша шақырым жол жөнделеді?

admin_sunqar

Жамбыл полицейлері оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік туралы түсіндірді

admin_sunqar