SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Рамазан- айлардың ең қайырлысы»

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 21 наурыз – «Ынтымақ күні» мерекесі мен қасиетті рамазайы айының қатар келуі игі істер мен қайрымдылыққа толы жақсылықтың нышаны ұласқан ширек ғасырда бір келер ұлы күн. Осы орайда Рамазан айы адамгершілік пен бауырмалдықтың, жаңару мен игі істердің,  жақсылық пен қайырымдылықтың бастауы екені белгілі. Осыны ескере отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/, Жоғары оқу орынан дейінгі білім беру факультетінің деканы С.А.Сартаев мырзаның бастамасымен ЖОО-ғадейінгі дайындық кафедарсының оқытушы-профессор құрамының ұйымдастыруымен 2025 жылы наурыз айының 21-ші жұлдызы күні №14 студенттер үйінде Атамекенге білім алуға әр елден келген тыңдаушыларына арналған ауызашар игі іс-шарасы өтті. Бұл игі дәстүр адамдарды біріктіріп, рухани құндылықтарды дәріптейтін ерекше шара болды. Ұстаздар ораза тұтқан тыңдаушыларымызға амандық пен жақсылық тілей отырып, осы қасиетті Рамазан айында осындай игі шаралар ұжымымыздың ұйымшылдығын арттыра түсетінін көрсетті. Ауызашар дастарханы береке мен ізгіліктің, ынтымақ пен бірліктің белгісі болып саналады.

Шара барысында қатысушылар бір-бірімен жылы әңгіме-дүкен құрып, қасиетті айдың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Оразаның рухани және денсаулыққа пайдасы, сондай-ақ сабыр мен кешірімділік секілді қасиеттердің адам өміріндегі орны жайлы да сөз қозғалды.

Осындай кездесулер жастардың рухани дүниетанымын кеңейтіп, бірлікті нығайтуға ықпал етеді. Берекелі дастархан басында бас қосу – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан асыл дәстүріміз.

ӘлФараби атындағы ҚазҰУ,  

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушылары: Г.М. Мужигова, Г.т. Тилеужанова, Ж.Б.Саткенова

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Арнайы «кеңес беру қызметі» құрылды

Redaktor SunqarNews

Ауылда 1,2 миллион тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

Redaktor SunqarNews

Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің үлесі 67 пайызды құрайды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу