SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Волейбол турнирі өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және тағы басқа базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды. Турнир ережесіне сай командалар екі сет ойнауға тиіс болды, егер ойын 1:1 есебімен аяқталса, үшінші сет ойнатылды. Сөйтіп жеңімпаз 2:1 есебімен анықталып отырды.

Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Ақбұлақ», «Арыстан», «Жаңа Ялян», «Батыр» командалары жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орындыАқбұлақ” базарынан келген команда иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Арыстан” базарының ойыншыларына бұйырып,олар 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. Жаңа Ялян базары мен Батыр” базарының волейболшылары 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан турнирлер өткен болатын. Бүгінгі волейбол жарысы осы жоба аясында өткен төртінші турнир. Алдағы уақытта баскетболдан турнир өткізу жоспарланып отыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2024 жылы атқарған ауқымды жұмыстары

Redaktor SunqarNews

Жергілікті балабақшадағы балаға зорлық-зомбылық көрсетілді деген іс бойынша үш адам қамауға алынды.

admin_sunqar

АҚШ Әділет министрлігі «сақтықты ұмытып», істі бөлшектеу бойынша сот басталды.

admin_sunqar

Пікір жазу