SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Youth Nomads ұлттық спорт фестивалі өз бастауын алды!

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Евразийский мир и согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Youth Nomads» ұлттық спорт фестивалі аясындағы алғашқы іріктеу кезеңі өтті.

2025 жылдың 6 шілдесінде фестивальдің алғашқы кезеңі Кенжехан базарында ұйымдастырылды. Аталған жоба NEET санатындағы жастардыұлттық спорт арқылы қоғамдық белсенділікке тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.

Фестиваль аясында жастар бес бағыт бойыншабақтарын сынауда:

Асық ату

Қол күрес

Қазақ күресі

Арқан тарту

Ләңгі тебу

Жалпы жоба Алматы қаласының 20 базарынқамтып, 30 000-ға жуық жасты тартуды көздепотыр. Әр базарда өткізілетін іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған қатысушылар 2025 жылдың 9 тамызында Рахат базарында өтетін финалдықсайысқа жолдама алады.

«Youth Nomads – бұл тек спорттық жарыс емес, жастарды біріктіретін, ұлттық болмыс пен рухтыоятатын алаң. Ашық алаңдағы бұл фестиваль жастарға өз мүмкіндіктерін көрсетіп, ортақ құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Алакөл әуендері

Redaktor SunqarNews

Алдымен ақуыз, содан кейін талшық. Тамақтану ретіндегі ғылым және оны қалай істеу керек.

admin_sunqar

ЕАЭО елдері фермерлерге қаржылай қолдау көрсетуді бастайды

admin_sunqar