Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Осы орайда, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Заң кеңесі» жобасы аясында zankomek.kz сайты биыл екінші жыл жұмыс істеп жатыр. Сайт қала тұрғындарына тегін заңнамалық көмектер көрсетеді. Түрлі салаларда маманданған талантты әрі өз ісіне берілген кәсіпқойлардан құралған үнемі кеңейіп отыратын заңгерлер көптеген заңгерлік сұрақтар бойынша кеңес беру қызметтері мен қолдау көрсетеді. Қала тұрғындары кез-келген уақытта өздерін алаңдатқан түйіткілді мәселелерге түйінді жауап табуға сайт керемет мүмкіндік болып отыр. Еліміздің жетекші заңгерлері жеке және заңды тұлғаларға кез келген құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді.
zankomek.kz сайты 8 бөлімнен тұрады:
— Сайт ұйымдастырушылары туралы негізгі бөлім
— ҚР Конституциясы,азаматтық кодекс,еңбек кодексі,тұтынушылардың құқығын қорғау және ардагерлерге арналған құжаттар бөлімі
-Онлайн кеңесші бөлімі
-Сұрақ жауап бөлімі
-Ақпарат бөлімі
-«Заң кеңесі» жобасы аясында түсірілген видео материалдар бөлімі
-Байланыс нөмірлері
Халықты жеткілікті деңгейде заңнамалық тұрғыдан ақпараттандыру -құқықтық жетілдіруді қамтамасыз ететін негізгі принцептерді бірі болып отыр. Жинақталған ақпаратты және заңнамалық білімді құқықтық сенім мен ұстанымға айналдыру, заңға сай әрекет етудің негізі болып табылады. Өз құқығын қолдану, міндеттерін орындау, құқығы бұзылып жатқан жағдайда оны қорғай білу қабілеттерінің алғышарты. Қоғамдық қатынастардағы терең өзгерістер қоғам санасындағы, жекелей алғанда құқықтық санадағы өзгерістерге себеп болады. Осы тұрғыда zankomek.kz сайты қала тұрғындарына сапалы көмек беру бағытында өз қызметін іске қосты. Қала тұрғындарына «Заңгерлік кеңес» палатасының мүшесі,өз ісінің білікті маманы – Мадамбеков Қуандық Ауғамбекұлы тегін заңгерлік көмегін көрсетеді. Ендеше, кез келген бағытта өз құқығымызды толық біліп, тобырға ермес үшін сауатты болайық, қазақ елі!
Сізге заңгерлердің тегін көмегі қажет болса 8 777 890 89 00 «жедел желі» нөміріне хабарласыңыз немесе zankomek.kz сайтының «онлайн кеңесші» модульі арқылы сауал жолдаңыз.