SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Жамбыл полицейлері оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік туралы түсіндірді

Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев заң тақырыбында сұхбат берді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Полиция полковнигі жасөспірімдерге қоғамдық орындарда ұстанатын ережелер, жолдағы қауіпсіздік және интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сұхбат барысында оқу орындарындағы буллинг, бопсалау, және жасөспірімдерді есірткі саудасына тарту сияқты күрделі тақырыптар қозғалды. Б.Малыбаев оқушыларға: «Сіздер – еліміздің болашағысыздар. Білімдеріңіз, тәрбиелеріңіз және Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз біздің ертеңімізді анықтайды», – деп айтты.

Оқушылар полиция қызметкерлерінің қандай қасиеттерге ие болуы керектігі және қызмет барысында пайда болатын қауіпті жағдайлар туралы сұрақтар қойды. ПД бастығы өз кезегінде жасөспірімдер жасаған нақты қылмыстар туралы мысалдар келтірді.

Кездесу соңында қатысушыларға құқықтық нормаларды білу мен құрметтеудің маңыздылығын көрсететін бейнероликтер ұсынылды. Ең белсенді оқушыларға Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабы сыйға тартылды.

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, осындай ашық форматтағы кездесулер жасөспірімдердің тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыра түсіп, уақытылы көтерілген мәселелердің алдын алады. «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы аясында ПД бастығы бейнебақылау камералары мен «дабыл» түймелерінің жұмысын тексерді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында HPV вакцинасының бірінші дозасы қанша қыз балаға егілгені туралы ақпарат жарияланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Эколог: Әр қалада 30 гектарлық парк салу қажет

admin_sunqar

«Қаһарман ұлт» жобасы аясында студенттер арасында «Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков» атты челлендж бастау алды

Redaktor SunqarNews

Marin округіндегі жол апатынан қаза тапқан 4 жасөспірімнің аты-жөні анықталды; қайғылы оқиғаға байланысты жиын өтті.

admin_sunqar

Пікір жазу