Жайдарман – көрермен арасында кеңінен таралған қызыққа толы ойын. Ол жастарды біліктілікке, еңбекке, әділдікке баулиды.
Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі. Сондықтан олардытәрбиелеу жолында ешкім аянып қалмау керек. Мемлекетбасшысы жастарды әрдайым қолдауға шақырады. «Шынмәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарапбағалайды. Яғни, біздің қандай ел боларымыз өскелеңұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуықажет. Мен мұны үнемі айтып жүрмін.
Осы құндылықтардыбарынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамныңқасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады», — деп атап өттіел Президенті.
Бүгін Жетісу облысының жастары арасында Талдықорғанқалалық I.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайындаЖайдарман ашық лигасының финалдық ойыны өтті. Аталған шараны Жетісу облысының қоғамдық дамубасқармасының қолдауымен «Алматы студенттерАльянсы» КҚ ұйымдастырды. Жүлде қоры – 650 000 теңге.
Ақтық кезеңге маусым бойы қарсыластарынан озықболған «Фаворит», «Maximum», «Креатив», «Инновация», «Форма» командалары жолдама алған еді. Финалғашыққан барлық команда өздерінің жоғары дәрежедегідайындықтарын көрсете алды. Ойыншылардың тауыпайтқан әзілдерінің астарынан шынайы өмір шындығынаңғаруға болады. Қағытпа қалжыңмен көрермендерді біркүлдіртсе, тартымды әңгімелерімен ойландырып та қойды.
Сонымен қазылар алқасының әділ шешімімен облыскөлемінде өткен Жайдарман ойындарының финалындаәдемі әзілімен, әртістік шеберліктерімен ерекшеленген«Фаворит» командасы жеңімпаз атанды. Ал II орынға«Инновация» командасы лайықты болды. Үштікті«Форма» мен «Максимум» командалары қорытындылады. Сондай-ақ «Ең үздік ойыншы» номинациясын «Фаворит» командасының мүшесі Әнуар Айасыл жеңіп алды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом және ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Жайдарман – жастарды біріктіретін, ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа, байқампаздыққа жетелейтін қайталанбасорда. Мұндай жобалар жасөспірімдерге керек екені сөзсіз. Сондықтан ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бұлжоба жалғасатынын баса айтты.