SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қоянды ауылында жаңа заманауи мектеп ашылды

Елордаға жақын орналасқан Қоянды ауылында 2000 орындық жаңа мектеп ашылып, оқушылар алғашқы рет партаға отырды. Бұл мектеп ауылдағы екі білім ордасының жүктемесін азайтып, сабаққа Астанаға барып жүрген оқушыларды өзіне тарту үшін салынған. Мектеп аймақтағы ең үлкен білім беру мекемесі болып табылады.

Ата-аналар мен оқушылардың айтуынша, бұл мектепте білім алушылардың уақытын тиімді өткізіп, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Төрт қабатты заманауи ғимаратта оқу кабинеттері, зертханалар, төрт спорт залы, акт залы, асхана және оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Әрбір блокта коворкинг аймақтары жасақталған, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалған.

Бұл жаңа мектеп ауыл балаларына сапалы білім мен қосымша мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған.

  

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Оның күйеуі қателікпен депортацияланды. Енді ол саяси дүрбелеңнің ортасында қалды.

admin_sunqar

Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды

Redaktor SunqarNews

Жапония бағаның өсуіне байланысты Оңтүстік Кореядан күріш импорттайды

admin_sunqar

Пікір жазу