SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

Ақтөбе қаласының № 2 сотында «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусовқа қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Каусовқа Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 3 жыл мерзімге басшылық қызмет атқару құқығынан да айырылды. 75 азаматтық талап қоюшының материалдық шығынды өтеу туралы арыздары азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Нұрлан Каусов 421,9 миллион теңгені заңсыз иемденіп, қажетіне жұмсағаны үшін айыпталған еді. Ол тек 5 қабатты екі үйдің жертөлесі мен іргетасын қалаумен шектелген.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ғалам шынымен шексіз бе? Астрофизиктер түсіндіреді.

admin_sunqar

Акулалар Израиль жағалауында жұртты қызықтырып, оларды қуалап, тамақтандырып жүрген еді — бір адам жоғалып кеткенге дейін.

admin_sunqar

100 күнде 100 өлең: мектеп директоры автокөлік иеленді

Redaktor SunqarNews