SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

Ақтөбе қаласының № 2 сотында «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусовқа қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Каусовқа Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 3 жыл мерзімге басшылық қызмет атқару құқығынан да айырылды. 75 азаматтық талап қоюшының материалдық шығынды өтеу туралы арыздары азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралатын болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Нұрлан Каусов 421,9 миллион теңгені заңсыз иемденіп, қажетіне жұмсағаны үшін айыпталған еді. Ол тек 5 қабатты екі үйдің жертөлесі мен іргетасын қалаумен шектелген.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ақтауда Каспий жағалауынан құстар өлексесі табылды

admin_sunqar

Үндістанда туристерге шабуыл: бірнеше адам қаза тапты

admin_sunqar

Жамбыл облысы әкімі “Артық білім кітапта” челленджін қолдады

Redaktor SunqarNews