SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алуды өтінді

Қазақстан мен Черногория арасында қылмыскерлерді беру туралы халықаралық келісім жоқ. Сондықтан Дина Таңсәрінің экстрадициялау мәселесі Черногорияның ұлттық заңнамасына сәйкес шешіледі, деп хабарлады Бас прокуратура. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда Дина Смайыловаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі тоқтатылғаны мәлімделді. Еске сала кетсек, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Ішкі істер министрлігі «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріні іздестіруге жариялаған болатын.

Оған Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері жалған ақпарат тарату және жеке өмірге қол сұғу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Олардың ішінде екі іс – алаяқтыққа қатысты.

Бұған дейін Дина Таңсәрінің Черногорияда ұсталғаны және Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені туралы хабарлағанбыз. Кейін Черногория билігі оны қамаудан босатқанын мәлімдеген еді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ковидтан кейінгі асқынулар және олардың алдын алу жолдары

Redaktor SunqarNews

Қуаныш Қабдолов — «Атырау» футбол клубының бас бапкері

admin_sunqar

Рим Папасы Франциск 88 жасында инсульт пен жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, дейді Ватикан: Онлайн жаңартулар және реакциялар.

admin_sunqar