SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қазақстанда қызылша ауруы азайды

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Қызылша бойынша да оң өзгерістер байқалып отыр. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биылғы наурыз айында қызылша ауруының 804 жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы кезеңдегі 10339 жағдаймен салыстырғанда, 99 пайызға төмендегенін көрсетеді.

Жыл басынан бері жалпы 1205 жағдай тіркелсе, олардың 75 пайызы вакцина алмаған балалар арасында анықталған. Бұл деректерді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растап отыр.

Өткен жылы Қазақстанда қызылшаның таралуы себептері жайында айтылған болатын. 2024 жылдың басында Астанада ересектер арасында қызылша жұқтыру жиіледі. Айта кетейік, 2023 жылы елімізде қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізіліп, 608 мың қазақстандық екпе алды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамында жаңа басшы тағайындалды

Redaktor SunqarNews

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі

admin_sunqar

17 ЖЫЛ КҮТКЕН ЖЕҢІС. АБАЙ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ

Redaktor SunqarNews