SunqarNews ақпараттық порталы
ЖаңалықтарРуханият

ҰҚК 17 жастағы діни радикалды ұстады

ҰҚК 17 жастағы діни радикалды ұстады

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Айта кететіні, 2023 жылы күдікті ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

«Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады», — делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Qazaqsha терапия алғашқы турын бастайды

Redaktor SunqarNews

Отчет о проделанной работе с 03 марта по 30июня 2025 года Центра поддержки семьи Турксибского района.

Redaktor SunqarNews

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Redaktor SunqarNews