SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

БҚО: Алаяқтар мұғалімнің атына 9 млн теңге несие алды

Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтық тағы да белең алып отыр. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар бір әйелдің атына төрт банктен несие рәсімдеп, соның салдарынан 9 миллион теңге шығынға ұшыратқан. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазір аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, Орал қаласының 51 жастағы тұрғыны да алаяқтардың құрбаны болып, 600 мың теңге жоғалтқан.

Алаяқтар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банктің қауіпсіздік қызметінің мамандары ретінде таныстырып, есепшоттарды қорғау сылтауымен азаматтардың ақшасын иемденуде. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға банктік карта деректері, құпия сөздер және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпауды ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін біз Батыс Қазақстанда жүк көлігінің жанып кеткенін жазған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дереккөздер Қауіпсіздік хатшысы Кристи Ноэмнің «Гуччи» дорбасын орындықтың астынан қалай ұрлағанын сипаттайды.

admin_sunqar

Гавайда демалып жүрген жасөспірім қыздар қамауға алынып, еліне қайтарылды.

admin_sunqar

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Боб Менендездің әйелі пара алу ісі бойынша сотталған.

admin_sunqar

Пікір жазу