SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Мониторинг топ мүшелеріне семинар-тренинг өткізілді

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Social project management орталығы қаладағы кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіп келеді. Мақсат – Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңының талаптары қаншалықты орындалып жатқанынан шолу жасау. Оған арнайы топ жұмылдырылып, олар жұмыстарын бастап та жіберді. «Тіл – татулық тірегі» деп аталатын жоба аясында арнайы семинар-тренингтер өткізу көзделген. №4 кітапханада өткен семинар тренингті А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері,  PhD докторант Қуатбек Дүйсенов жүргізді.

Оңтүстік астанамызда тілдік аудармалардың сәйкессіздігі, ала-құлалығы көп екені рас. Әлеуметтік желілерде осы тақырыптағы дау-дамайлар жиі көтеріліп жүр. Алматы қаласындағы нысандар мен мекемелердің атауында, маңдайшаларында, жарнамаларында, афишаларында, билбордтарында, сондай-ақ электрондық, мәзірлерінде орфографиялық, стилис­тикалық, грамматикалық қателер көп ұшырасады. Қаладағы жарнама қателіктерін жинап, арнайы ғылыми жоба жасап жүрген жас ғалым Қуатбек Дүйсеновтің сөзінше көшедегі жарнамалар филологтың тексеруінен өтіп барып іліну керек. «Тілді білгенмен де оның ғылыми тілін, жарнамалық тіліне арнайы дайындық қажет, арнайы мамандану қажет болады. Сол себепті біздің қазақ жарнамасының ақсау себебі, тілді білем деп жарнама жасаймын деп ойлап… кәсіби деңгейде атқаратын мамандарға жүгінбейді. Сол себепті көптеген жарнамадағы қателіктер, ауытқушылықтар, когнетивтік десананс тудыратын тіркестер пайда болады», – дейді ол.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға жадынамалар мен әдістемелеік құралдар табыс етілді.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Елордада Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығы атап өтілді

Redaktor SunqarNews

Белгілі меценат кәсіпкерлерді I-Qanat жобасын қолдауға шақырды

Redaktor SunqarNews

Дулат Тастекей Гарвардты бағындыруға аттанды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу