SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Мың бояулы мөлдір әлем

Қазақ мемлекеттік университетін ҚР Қаулысымен 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталды. Халықаралық білім беру талаптарына сәйкес кадрларды даярлау бойынша алғашқы қадам жасала бастады. Екі сатылы жоғары білім жүйесіне көшу «бакалавриат – магистратура» және университет ішінде ҒЗИ және технологиялар паркі ашыла бастады.. Сонымен қатар, Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің ЖОО-лары арасынан алғашқы болып европалық білім беру кеңістігіне кірді.

2016 жылы World University Rankings QS (Ұлы Британия) беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша ҚазҰУ 236-орыннан көрініп, әлемнің ең үздік 250 университеті қатарына енді. Осылайша, біздің университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Көлемі 100 гектарға жуық, көркіне көз тоймайтын ҚазҰУ қалашығының мұнда оқитын мен сияқты студенттер үшін орны бөлек деп ойлаймын. Таза ауа, жағымды атмосфера, кейде өзіңді білім ордасында емес, демалыс орнында жүргендей сезінесің. Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған  университет білікті мамандарды даярлауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі ғылым, білім, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Бұл оқу орны ертеңгі ел тірегі жас ұрпақты майталман маман ретінде ғана емес, қоғамда өзіндік орнын таба білетін саналы азамат етіп қалыптастыруда да  айрықша рөл атқарып отыр.

Басқа факультеттерді былай қойғанда, өзім оқып  жатқан филология факультетінің өзінде халқымыздың қаншама зиялылары, ақын- жазушылар, көрнекті мемлекет қайраткерлері білім алған.  Соның ішінде, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ерман, Олжас Сүлейменов  секілді  дара тұлғаларды айрықша атап өткен жөн.
Бір сөзбен айтқанда, осында білім алып жатқан барша жастардың  жарқын  болашағына  жол сілтеген ҚазҰУ-дың докторанты екенімді айрықша мақтан тұтамын.

Айдана Абделдава, PhD І-курс студенті,

Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент м.а.
Авакова Раушан Амирдинқызы
филология ғылымының докторы, профессор.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«ASSYLTAS 2025» стипендиясына үміткерлер анықталды

Redaktor SunqarNews

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

admin_sunqar

Ерлан Қарин: Домбыраны «харам» деп ұғындыруға талпынған әрекеттер де бар

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу