SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Алматы Жастары» бағдарламасына 6626 өтінім қабылданды

Басқарма мәліметінше, биыл барлығы 6626 өтінім қабылданды. Өтінімдердің басым бөлігін білім беру саласының өкілдері (2191 өтінім) жолдаған. Одан кейінгі орындарда денсаулық сақтау (1381), жұмыс істейтін жастар (881), жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары (635), коммуналдық қызметтер (428), мәдениет (360), құқық қорғау органдары (343), әлеуметтік сала (245), спорт (86) және журналистика (76) салалары орналасқан. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

2025 жылы бағдарлама аясында кемінде 2550 тұрғын үй заемы беріледі деп жоспарланған, оның ішінде 1050 заем «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларына берілмек. Квоталардың негізгі бағыттары: білім беру мен денсаулық сақтау салаларына кемінде 350 заем, ал республикалық ұйымдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жалпы көлемнің 5%-дан аспайтын заем бөлінуі қарастырылған.

Өтінімдерді қарау нәтижесінде, 3412 қатысушыға оң шешім қабылданды. Бұл шешімдер салалар бойынша: білім беру (994), денсаулық сақтау (630), жұмыс істейтін жастар (759), республикалық мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері (249), құқық қорғау органдары (167) және басқа салалар (613). «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы «Отбасы банк» АҚ-ға жолдама алды.

Үш кезеңдік іріктеу барысында 1500 қатысушы төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жүгінеді. Олар 15 жұмыс күні ішінде банктің қызмет көрсету орталығына баруы қажет. Егер төлем қабілеттілігі расталса, қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үй таңдау мүмкіндігін алады.

Қосымша 1153 қатысушы негізгі тізім анықталғанға дейін резервте тұр. Ал 3214 өтініш қабылданбады, себебі олардың жұмыс орны бағдарлама талаптарына сәйкес келмеді немесе меншігінде тұрғын үй болғаны анықталды, сондай-ақ қажетті құжаттар мен зейнетақы аударымдары болмаған.

Еске салсақ, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелендіру сомасы биыл 18 миллионнан 20 миллион теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, 2025 жылы аталған бағдарламамен үй алатын жастар санының артатыны күтілуде.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 2024 жылы атқарған ауқымды жұмыстары

Redaktor SunqarNews

Сот орындаушылар «Отбасы банк» салымшыларынан 3,4 млрд теңге жымқырған.

admin_sunqar

Иордания мұнай мен газ өндіру үшін 3D сейсмикалық зерттеуді бастады

admin_sunqar

Пікір жазу