Клубтың тәлім алушылары — 7 мен 10 жас аралығындағы бастауыш мектеп бүлдіршіндері болса; тәлімгер ұзтаздары — зейнеткер педагогтар.
Клубтардағы қайнаған өмір дәстүрлер жалғастығы мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көріністері. Клубтар жыл бойына , каникул кездерінде де тәлім алушыларына қызмет жасайды. Соның арқасында. балақайлар туған қаласының тарихи , мәдени орындарында жиі болады.
«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары Жобасының авторлары қалалық аудандар әкімдіктерінің көмегімен тәлім алушыларының білімдерін жетілдіріп, өнерге баулу үшін жан — жақты игі әрекеттер жасап келеді.
Өз кезектерінде бүлдіршіндер де түрлі үйірмелерде таланттарын ұштап, ата — аналары мен ұстаздарын қуанышқа бөлеуде. Олар қаланың, елдің рухани өмір тынысымен тыныстап, мәдени іс шаралар, апталықтар өткізіп тұрады.
Күзгі каникул күндерін пайдаланып, Қазақстан көлемінде аталып өткен аса танымал қазақ қаламгері — Баянғали Әлімжановтың шығармашылығына арналған апталық өткізді.
Осы күзде 70 жасқа толған Баянғали Әлімжановтын оқырмандары 4-5 жастағы балдырғандардан басталып, барлық жас мөлшерін қамтитын, шығармаларының өзекті идеялары ұлт мұратын ғана емес,әлем халықтарының адами мұратын көксеп, қалың оқырманын тек ізгілікке, адамзатқа ортақ құндылықтарға жетелейді шығармалар.
Әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеген қаламгердің шығармашылық еңбегі ұшан-теңіз.
Теңіз суының дәмі — тамшыдан дегендей, біз балақайларды Баянғали шығармашылығына үңілуге жетеледік.
Ақын- жазушылығымен, жыршы- жыраулығымен, айтыскерлігімен таныстырдық. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне , өнеріне сіңірген еңбегін, қырғыз әдебиетіне қатысты сіңірген еңбегін де атап көрсеттік.
Қаламгердің 20 тілге аударылған поэзиялық шығармаларымен ,
автордың өзі орыс тілінде жазып жариялаған көркем шығармалары мен өзегі тарихи шығармаларын таныстырдық.
» Шыңға өрлеулік» бүлдіршіндер алдағы уақытта да, өмірлерінің келесі баспалдақтарында да қаламгердің тұрақты оқырмандары болып қалатынына сеніміміз кәміл.