SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

БҚО: Алаяқтар мұғалімнің атына 9 млн теңге несие алды

Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтық тағы да белең алып отыр. БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар бір әйелдің атына төрт банктен несие рәсімдеп, соның салдарынан 9 миллион теңге шығынға ұшыратқан. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазір аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, Орал қаласының 51 жастағы тұрғыны да алаяқтардың құрбаны болып, 600 мың теңге жоғалтқан.

Алаяқтар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен банктің қауіпсіздік қызметінің мамандары ретінде таныстырып, есепшоттарды қорғау сылтауымен азаматтардың ақшасын иемденуде. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға банктік карта деректері, құпия сөздер және SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпауды ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін біз Батыс Қазақстанда жүк көлігінің жанып кеткенін жазған едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

ӘДІЛХАН БАЙБАТША, АКАДЕМИК: Қазақстанның болашағы – ғылымда

Redaktor SunqarNews

«Zankomek» сайты көмек көрсетуге әзір

Redaktor SunqarNews

«Адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі өзекті мәселелер». Жоба аясында дөңгелек үстел өтті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу