SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Істеймін деген адамға жұмыс көп»

Наурызбай ауданы пробация қызметінде өткен кездесуде Қарасай машина жасау зауытының өкілі Зәкір Малыбаев осылай деді. Көліктер мен түрлі техникалар құрастыратын зауыт осы күні дәнекерлеуші мамандарға қатты мұқтаж екен. Себебі дәнекерлеушілер зауыттың негізгі қозғаушы күші. Мекеменің тыныс-тіршілігіның жандануы осы маман иелерінің қарым-қабілетіне тәуелді.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен кездесуге Олармен бірге Наурызбай аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Замир Бейсенбетов, сонымен бірге жергілікті пробация қызметінде тіркеуде тұрған, бұрын істі болған азаматтар қатысты.

«Дәнекерлеушілерге 100 мың теңге мен 500 мың теңге аралығында айлық төлейміз. Еңбекақы көлемі жұмысқа тұрушыларды разрядына байланысты. Бірақ оған шошып қараудың қажеті жоқ. Өйткені жұмысқа еш тәжірибесіз келіп, біртіндеп разрядын өсіріп, жоғары айлыққа қол жеткізіп жатқандар көп. Сондықтан тәуекел деп, бізге өтініш қалдыра берсеңіздер болады», деді З.Малыбаев.

Сондай-ақ кездесу кезінде пробацияда тіркеуде тұрған азаматтарға басқа аудандағы мекемелерге жұмысқа тұруға немесе істеуге заң рұқсат ете ме деген сауал туындады. Аудандық пробация қызметінің басшылары оны шешу қиын емес екенін айтады. «Егер тіркеуде тұрған азамат қандай да бір мекемеде жұмысқа тұрса, немесе қандай да бір оқу орнында оқыса, сол жерден анықтама алып, бізге көрсетіп, ол жаққа кедергісіз қатынай алады» дейді Науырзбай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айдос Қазыбаев.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге арналған жоба аясында осы кездесуді ұйымдастырып жатқан Social project management орталығының заңгері Мұхамеджан Әбдібековтың айтуынша жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер көбінесе бірін бірі түсіне бермейді. «Қазір сотталған адамдар былай тұрсын екі дипломы бар адамдардың екі қолға бір күрек табуы қиын. Жұмыс берушілер заң аясында істі болған азаматтарға күдікпен қараса, жұмыс іздеушілер көп жалақы төленетін жұмыс сұрайды. Осы жерге келгенде мүдделер түйіспей қалып жатады. Біз осындай екен деп жұмысты тоқтатып тастап жатқан жоқпыз, бірен-саран нәтиже болса, ол да аз емес деп кездесулерді өткізіп келеміз. Бұл жоба үшжылдық. Биыл екінші жыл атқарып келеміз» дейді заңгер.

 

 

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

ДУЛАТ ТАСТЕКЕЙ ӘЙГІЛІ HARVARD БИЗНЕС МЕКТЕБІН БІТІРДІ

Redaktor SunqarNews

Білім мен ғылымның шамшырағы

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу