SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қызылорда облысы полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды

Қызылорда облысының полиция бөлімінде алғашқы кітапхана ашылды. Ұйымдастырушылар бұл кітапхана тәртіп сақшыларының білімін арттыруға ықпал етеді деп сенеді. Іс-шараға шақырылған полиция бөлімі бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері және бөлім басшылығы кітапханаға кітаптар сыйға тартты. Бұл кітаптар оқу залындағы арнайы бұрышқа орналастырылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Кітап сыйлаушылар жас полиция қызметкерлеріне бірнеше кітаптың мазмұнын әңгімелеп беріп, оларға бос уақытында кітап оқып, рухани және интеллектуалды дамуына кеңес берді. Кітапхана қоры жаңа кітаптармен, танымдық басылымдармен толықтырылатын болады.

Қызылордада жуырда «Әдеби автобус» жобасы аясында «Кітап QALA» атты мерекелік шара өтті. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оны 23 сәуір Ұлттық кітап күніне арнады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды: бүгінгі болжам

admin_sunqar

23 сәуірде туған танымал тұлғалар

admin_sunqar

Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, көзі жанып тұрған жастар QyzPU-ға түсіп жатыр

Redaktor SunqarNews