Алматы қаласы Тарғап 32 мекен-жайында орналасқан «Балажан» балабақшасы – бүгінгі заман талаптарына толық жауап беретін, бала тәрбиесі мен білімін қатар ұштастырған үлгілі мекемелердің бірі. Мұнда әрбір бүлдіршіннің тұлғалық дамуына ерекше мән беріліп, оның қабілетін ашуға бағытталған жүйелі әрі мазмұнды жұмыстар жүргізіледі.

Балабақшаның басты ерекшелігі – тәрбие мен білімнің үйлесімді сабақтастығында. Заманауи педагогикалық әдістемелерді тиімді қолдану арқылы балалардың ойлау қабілеті, тіл байлығы, шығармашылық әлеуеті дамып келеді. Ұсақ моториканы жетілдіруге арналған жаттығулар, пластилинмен жұмыс, түрлі дамытушы ойындар, мектепке даярлық – мұның барлығы баланың таным көкжиегін кеңейтіп, зияткерлік дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тұзды шахта сияқты сауықтыру мүмкіндіктерінің болуы – балабақшаның ең бір ұтымды тұсы десек артық айтқанымыз болмас, сірә?!
Бұл туралы ата-аналар мен ата-әжелердің пікірлері де ерекше ықыласпен айтылады. Мәселен, Айбарша Баядилева өз немерелері Айзере мен Айша Төлебиқыздарының осы балабақшада бірнеше жылдан бері тәрбиеленіп келе жатқанын тілге тиек етті: «Балалардың ортаға бейімделуі, тәрбиешілердің біліктілігі, ұйымдастырылатын іс-шаралар мен әдістемелердің сапасы көңілімнен толық шығады», – дейді ол.

Ал Гүлбану Рахимжановна болса, немерелерінің жетістіктеріне қуана отырып: «Тәрбиешілері өте мейірімді. Балалар көпшілікке үйреніп, қалам ұстап, алғашқы дағдыларын меңгере бастады.
Балабақшада қолданылатын ерекше әдістемелердің бірі – сенсорлық және ойын арқылы оқытуға негізделген тәсіл. Бұл жүйе баланың табиғи қызығушылығын оятып, оны еркін ойлауға, сезіну арқылы тануға және білімді терең меңгеруге жетелейді», – деп өз ризашылығын білдіреді.
Сондай-ақ, үш баласы осы балабақшада тәрбиеленіп жатқан ата-аналардың бірі Дүрия Абдишарапова да мекеменің жұмысына жоғары баға береді: «Тәрбиешілері өте мықты, тағамдары дәмді, іс-шаралары креативті. Балаларым – Қуандық Рахым, Қуандық Бақыт және Қуандық Алишер – бұл ортада өздерін еркін әрі бақытты сезінеді», – дейді ол.
Балабақшадағы тәрбиелік жұмыстардың жарқын көрінісі – ұлттық мерекелердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы. Соның бірі – Наурыз мерекесі. Бұл күні балабақша іші ерекше мерекелік көңіл күйге бөленіп, балалар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, қазақ халқының рухани құндылықтарын бойына сіңіруде. Тек балалар ғана емес, мұндай мерекелік күндері ата-аналар да ойын ойнап, сыйлықтар ұтып, мәз-мейрам болып қайтады. Театрландырылған қойылымдар қойылады. Мұндай тағылымды шаралар балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Сонымен қатар, балабақшадағы тамақтану сапасы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балалардың жас ерекшелігіне сай дайындалатын тағамдар дәмді әрі құнарлы, бұл олардың денсаулығы мен белсенділігіне тікелей әсер етеді.

Қорыта айтқанда, «Балажан» балабақшасы – сапалы білім мен саналы тәрбиенің, мейірім мен кәсібиліктің, ұлттық рух пен заманауи дамудың үйлесім тапқан ордасы.
Бұл – жай балабақша емес, бұл – бақытты балалықтың бастауы дер едік…
