SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Түркістан облысындағы асфальт-бетон зауыттарының көбісі сапа стандарттарына сай емес

Ұлттық сапа орталығы Түркістан облысындағы 30-ға жуық асфальт-бетон зауытының жұмысын тексеріп, бес зауыттың мүлде жұмыс істемейтінін анықтады. Сонымен қатар, 24 зауыттың құжаттары толық емес болып шықты. Асфальт және бетон өндірісіне қажет материалдарға кіріс бақылауы жүргізілмеген, ал өнім сапасын тексеретін зертханалары жоқ. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» филиалының сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Қайрат Шәкіровтің айтуынша, жол құрылысының сапалы болуы үшін мердігерлер каръерден алатын қиыршық тас пен құмды сынақтан өткізуі тиіс. Жолға төсемес бұрын бұл материалдарды техникалық қадағалаушылар қайта тексеруі қажет. Егер бақылау тізбегі қатаң сақталса ғана, жол-құрылыс материалдарының сапасы жоғары болады.

Асфальт-бетон зауыттары нақты тәртіпке негізделіп жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз, қоспа бекітілген рецептураға сәйкес дайындалуы тиіс, ал асфальттың технологиялық төсеу процесі сақталуы керек. Орталыққа әзірше бір ғана зауыт барлық талаптарды орындап, қажетті құжаттарын ұсынған. Қалған зауыттарға мониторинг жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жастар орталығының басшысы әлеуметтік желідегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлерді жазалағанын хабарлаған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

ҚазҰУ — ғылымда жетістікке жетемін деушілер үшін таптырмас мүмкіндік

Redaktor SunqarNews

CATL компаниясы 1500 шақырымға жететін қашықтықты қамтамасыз ететін аккумуляторды таныстырды.

admin_sunqar

Біздің галактикалық көршіміз Андромеда бірнеше спутник галактикаларға ие — және олар біртүрлі түрде бізге бағытталған.

admin_sunqar

Пікір жазу