SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақсайда мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші зардап шекті

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 21 сәуірде Аралтал шағынауданында ПАЗ автобусы жанып кетті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 17.40-та оқшауланып, толықтай 17.56-да сөндірілді. Мекеме басшысы Талғат Темірғалиевтің айтуынша, өрттің шығу себептері мен келтірілген залал әлі де анықталуда.

Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің мәліметінше, автобустың жануы №8 орта мектеп тұрақ алаңында, шамамен 17.25-те басталған. Оқиға кезінде оқушылар болмаған, ал көлік жүргізушісі оң қолынан жарақат алды.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем келіп жеткенде ер адамның зардап шеккені расталды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адамға 1-дәрежелі күйік диагнозы қойылып, денесінің 3 пайызы зақымданған.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда жүк көлігі де өртенген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Бұқар жырау ауданының елді мекендері биыл 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Redaktor SunqarNews

Рим Папасы Франциск Қазақстанға жылы ниетпен қарайды

admin_sunqar

Алдымен ақуыз, содан кейін талшық. Тамақтану ретіндегі ғылым және оны қалай істеу керек.

admin_sunqar