SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ұлттық академиялық кітапханада Әкім Тарази атындағы зал ашылды

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі Әкім Таразидың есімі берілген арнайы зал ашылды.
Сонымен қатар, белгілі жазушының 13 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Әкім Таразидың қазақ әдебиетін дамытуға және ұлттық руханиятты нығайтуға қосқан үлесі өскелең ұрпақ үшін үлгі. Жазушының шығармалары, аудармалары, пьесалары мен тарихи зерттеулері топтастырылған бұл көптомдық – баға жетпес білім көзі.
Әкім Таразидың атындағы жеке зал оқырмандарға қазақ әдебиетінің классиктері шығармаларының жеке кітапханасын, фотосуреттер мен жинақтардың  кең ауқымын ұсынады.
Шараға қатысқан Астана қаласы Мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов «Тоқсанның төріне шығып, ұлт руханиятының абыз ақсақалына айналып отырған ағамызға бар жылы лебізімді тілей отырып, жастан жасқа, жақсылықтан жақсылыққа қуанышпен жете беріңіз дегім келеді! Ел ағалары аман болсын!»- деп, ізгі тілегін білдірді.
Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Газаға 50 күннен астам уақыт бойы гуманитарлық көмек жеткізілген жоқ

admin_sunqar

Сараыала қазыңыз қайтып келді, анашым!

Redaktor SunqarNews

Tech QyzPu Nigde Hack: Хакатон жеңімпаздары анықталды

Redaktor SunqarNews