SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Заң кеңесі» жобасы аясындағы көшпелі мобильдік қызмет

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Заң кеңесі» жобасы аясында мегаполистегі адам көп жиналатын нысандарда көшпелі мобильдік қызмет ұйымдастырылды. Атап айтқанда, базарларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, саябақтарда жобаның заңгері Қуат Ауғанбек құқықтық көмектер көрсетті.

Заңгердің айтуынша, тұрғындарды көбінесе жер, қаржы, ажырасу, алимент сияқты құқықтық мәселелер көп мазалайды екен. «Бірі өтініш жазып бер деп көмек сұраса, бірі жазған арыздарын қайда жолдау керек, оған қалай оң жауап алуға болады деген түйткілдер бойынша жәрдем сұрайды» дейді ол.

Сізге заңгерлердің тегін көмегі қажет болса 8 777 890 89 00 «жедел желі» нөміріне хабарласыңыз немесе zankomek.kz сайтының «онлайн кеңесші» модульі арқылы сауал жолдаңыз немесе орталыққа келіңіз. Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Нүсіпбеков көшесі 32-үй, 1-қабат, 106-кеңсе.

Орталықты ұйымдастырушы: «Social project management» орталығы.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Мэр Брэндон Джонсон Чикагоның «әділ үлесін» алуы үшін тағы да Спрингфилдке барады.

admin_sunqar

QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті – жоғары білім берудің дамуын талқылауға арналған жаһандық алаң

Redaktor SunqarNews

“ASSYLTAS” ҚҚ-ның демеушілігімен жарық көрген “Ділмарлар дүбірі” атты кітаптың таныстырылымы өтті

Redaktor SunqarNews