SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалында

Талдықорған қаласының «Жетісу» волейбол командасы Азия чемпиондар лигасының «А» тобында Иорданияның «Al Nasser» командасымен кездесіп, ірі нәтиже көрсетті. Ерекше тактикасын қолданған сербиялық бапкер Марко Гршич негізгі құрамын сәл өзгертіп, ойынға украиналық Юлия Дымар мен Кристина Аниконованы шығарды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Матч барысында қазақстандық волейболшылар қиындықсыз ойнады, ал үшінші сетте алаңға Перизат Нұрбергенова мен Ирина Кенжебаева шықты. Нәтижесінде «Жетісу» қарсыласын 3:0 (25:10, 25:15, 25:11) есебімен ойсырата жеңіп, топтан бірінші орынмен ширек финалға өтті. Команданың келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

Айта кету керек, талдықорғандық ұжым бұған дейін де Азия чемпиондар лигасын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та үнділік студенттердің ұсақ тәртіп бұзушылық үшін депортациялануы ықтимал

admin_sunqar

«Алматы Жастары» бағдарламасына 6626 өтінім қабылданды

admin_sunqar

Қызылордада ұлттық қолөнерді дәріптейтін ерекше көрме өтті

admin_sunqar