SunqarNews ақпараттық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

9 мамыр – Жеңіс күніне орай гүл қою рәсімі

Мамыр айында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай гүл қою рәсімі өтті. Бұл мереке әр отбасыға маңызды, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Көп әулеттің ішінде соғысқа қатысқан, жеңіспен оралған немесе ержүректікпен қаза тапқан ата-бабаларымыз бар. Адамзат тарихындағы сұрапыл соғыста жеңіске жету көптеген адамдардың қаза болуына әкеп соқты, сол себептен адамзат өткен соғыстың батырларын ұмытпауы тиіс. Жеңіс күні – келешек ұрпаққа қалатын ұмытылмас мереке, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен қайсарлығын паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бүгінгі тәуелсіздіктің тұғыры берік, еңсеміздің биік болуы, ұйқымыздың тыныш болуы – осы мерекенің жемісі болып саналады.

Жыл сайын жеңіс күнінде гүл шоқтары қойылып, әртүрлі шаралар өткізіліп, соғыс туралы әндер шырқалады. Жеңіс күні өте ауқымды көлемде жүргізілді. Мерекеге көптеген соғыс ардагерлері, толыстағы әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты. Толыстағы полковник, жоба қызметкері Мұхамбетжан Әбдібеков Тоқтағұлы ардагерлермен бірге бірінші «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын отты ескерткіш. Сол себептен «Мәңгілік алау» соғыс символдарына кіретін болғандықтан, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды. «Мәңгілік алау» ескерткішінен кейін қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы тұлғасы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Гүл қою рәсімімен қатар офицерлер үйінің алдында жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Халық алдында көптеген әндер жанды дауыста айтылып, әскери оркестр өнерпаздары қала тұрғындарына шаттық көңіл күй сыйлады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті – жоғары білім берудің дамуын талқылауға арналған жаһандық алаң

Redaktor SunqarNews

Абай таныған білім мен ғылым

Redaktor SunqarNews

Парламентаризм институты мен Конституциялық Соты серіктес болуға келісті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу