SunqarNews ақпараттық порталы
Қоғам

Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті!

Мамыр айында қала жастарының спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан құралған 16 команда қатысты деп хабарлайды SungarNews ақпараттық порталының тілшісы,

Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді.

Чемпионат екі спорт залда қатар өтті.

«Қырғауылды», «Бақорда»,  «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан сонымен қатар  NEET санатындағы «VKM», «Белгібай», яғни жұмыссыз жастардан жүрген құралған 16 команда қатысты.

Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Командалар керемет ойын өрнегін көрсетуге тырысып-ақ бақты. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен командалар арасындағы ойын тартысты өтті.

Финал!

«Белгібай» мен «Арғымақ» командалары Алтын медаль мен кубок үшін жан алысып жан берісті. Финалдық бәсекедегі екі команданың шабуылшылары бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты.  Дегенмен 2:0 есебімен «Белгібай» командасының жігіттер басым түсіп, Алтынды өз қанжығасына байлады.

Ала допты алақанда айналдырып, байрақты бәсекеде бақ сынаған командалар арасында «Белгібай» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен волейбол чемпионатының жеңімпазы атанып, кубокты иеленді.

Өзара бақ сынасқан құрама командалар жарысы жоғары деңгейде өтті.

Чемпионат қортындысы бойынша бірінші орын алған «Белгібай» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Арғымақ» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда Батыр («Otau Qurmet») пен «VKM» командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дені саудың — жаны сау

Redaktor SunqarNews

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Redaktor SunqarNews

Ұлды – ұл баладай, қызды– қыз баладай тәрбиелейік

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу